Алматы облысындағы зираттардың бірінде жалғыз адам шатыр астында тұрады

cover

Алматы облысындағы зираттардың бірінде қарт адам шатыр астында тұрады. Мұнда ол жұмыс істейді. Бейітке келген адамдар оған ақшамен көмектесіп, кейде тамақтандырады. Сондай-ақ адамдар оған шатыр қойып берген, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Бұл зиратқа 61 жастағы Олжабай Убайдуллаев көктемде қоныстанған. Қабір басына келгендерге құран оқиды. Бұл үшін адамдар азғантай ақша қалдырады. Ата 50 мың теңге мүгедектік жәрдемақысына ауылда пәтер жалдап тұра алмайтынын айтады. Оның әпкесі бар, бірақ ер адам отбасы мен бұрынғы тұрғылықты жері туралы айтқысы келмейді.

- Мен еш жерде жұмыс істей алмаймын. Қолдарым тіпті жаза да алмайды. Қазір білесіз бе, бәрі қымбат. Ем өте қымбат. Ал дәрі-дәрмек, тамақ, киім-кешек барлығына ақша керек. Сондықтан мен осында тұруды шештім. Құран оқимын, адамдар көмектеседі, – дейді Олжабай Убайдуллаев.

- Алғашында ашық аспан астында өмір сүрді. Одан кейін ауыл тұрғындары саятшылық жасауға көмектесті, жылы киіммен көмектесті. Рас, ол енді қысқы суықтан құтқармайды. Қамқор ауыл тұрғындары шаңырақ көтеріп беруге дайын. Бұл үшін төлем талап етілмейді. Бірақ денсаулық мүмкіндік бермейді, – дейді ер адам.

Күнде зиратқа барып қайту қиын. Ал такси қымбат. Жамбыл ауылдық округінің әкімдігі басқа жұмыс табуға көмектесеміз деп уәде берді.

- Жұмысқа келетін болсақ, біз Жұмыспен қамту орталығына хабарласамыз. Онда жұмыс тауып алайық. Әңгімелесеміз, анықтаймыз, - деп уәде берді Жамбыл ауылдық округінің әкімі Еламан Өмірбаев.

Жұмыс табуға қанша уақыт кететіні әлі белгісіз. Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері Алматы облысында да жаңбыр жауып, арты қарға ұласады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар