Алматы облысында жарылыстан 1 адам көз жұмды

cover Фото: Бейнеден кадр

Алматы облысында Жалпақсай ауылында жарылыс болып, екі қабатты үй қирады. Жарылыстан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сүйенсек, газдың шығуы салдарынан осындай жарылыс болыпты.

ТЖМ қызметкерлері газ бен ауа қоспасы жарылысынан үйдің шатыры құлап, қабырғалары бұзылғанын анықтады. Бір үйде екі пәтер болған. Бірінші пәтердегі әйел жұмыста болыпты. Екінші пәтерде алты адам тұрып жатқан, олар зардап шекпеді.

Алайда бірінші пәтерде тұратын ер адам оқиға орнында көз жұмды. Құтқарушылар оның денесін үйінділер арасынан тапты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар