Алматы облысында «резеңке үйлерге» 12 мың шетелдік тіркелген

cover Фото: Жасанды интелект

Бұл мекенжайлардың кейбірі қағаз жүзінде ғана болған.

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, Алматы облысында тексеру барысында 278 үй анықталып, онда 12 мыңнан астам өзге мемлекет азаматтары тіркелген.

«Мәселен, Қарасай ауданы, Батан ауылындағы үйлердің бірінде 300-ден астам шетел азаматы тіркелген» делінген прокуратура хабарламасында.

Ведомствоның атап өтуінше, шетелдіктер тіркелген кейбір мекенжайлар іс жүзінде мүлдем жоқ үйлер болып шықты. 

Сонымен қатар, прокуратура 3 мың мигранттың 79 миллион теңге салық төлемегенін анықтады. Қазір бұл ақшаны өндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, тексеру барысында прокуратура Алматы облысында көші-қон заңнамасын бұзудың 600-ден астам фактісін анықтады. Облыстық көші-қон полициясының 17 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар