Алматы облысында республикалық тас жолдың бір бөлігі көлік қозғалысы үшін жабылды

cover Фото: Pixabay

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге 8 желтоқсан күні түнгі сағат үштен бастап Алматы облысындағы жолдың бір бөлігі жабылатынын ескертеді, деп хабарлайды Orda.kz.


Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Алма-Тау туристік орталығына кіру» жолының Тұздыбастау кентінен Бесқайнар ауылына дейінгі 0-15 шақырымдық бөлігінде жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеулер енгізілуде.

Қозғалыс 9 желтоқсанда таңғы сағат 7-де ашылады деп жоспарлануда.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар