Алматы облысында Қытай елінің туын өртеген 12 адам қамауға алынды
Фото: бейнеден кадр
13 қараша күні Алматы облысының Ұйғыр ауданында тұрғындар Қытай туын және ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің суретін өртеп, оның видеосын әлеуметтік желіге жариялаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бейнежазбадағы әйел туысы Әлімнұр Тұрғанбайды Қытай билігінің нақақтан-нақақ ұстап әкетіп, қамап, елге жібермей отырғаны үшін осындай әрекетке барғанын түсіндірді. Оның айтуынша, Тұрғанбай төрт ай бұрын Қытайға барғаннан кейін еш себепсіз қамауға алынған.
«Қытай тарапы ешқандай жауап бермей отыр. Сол себепті наразылығымды тоқтатпаймын», — дейді әйел.
Оқиғадан кейін құқық қорғау органдары іске қатысы бар адамдарды анықтап, материалдарды сотқа жолдаған.
«Cот шешімімен 12 азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы («Кішігірім бұзақылық») бойынша жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды» деп жазды Алматы облысының полиция департаменті.
Сонымен қатар, тағы алты адамға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынғаны хабарланды.
Еске сала кетейік, Әлімнұр Тұрғанбай Қытайда 23 шілдеде ұсталды. Бұған дейін де Тұрғанбайдың әйелі мен қызы Алматыдағы әкімдік ғимаратының алдында президентке бейнеүндеу жолдады. Олар биліктен Тұрғанбайды Отанына қайтаруға көмектесуді сұраған.
Адам құқықтары бюросы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Әлімнұрдың қамауға алынғанын растады. Мәліметке зер салсақ, Әлімнұр қос азаматтығы болған соң ұсталған.
«Алайда оның туыстары ресми түрде қытай азаматтығынан бас тартқанын айтады», деп атап өтті Қазақстанның халықаралық адам құқықтары бюросы.
Бұл отбасының билікке алғаш рет жүгінуі емес. Бұған дейін ҚХР консулдығы мен СІМ өкілдігі алдында өткен акциялар үшін оларды ұстап, айыппұл салған. Ал бұл жолы полиция ескерту жасаумен шектелді.
Жаңалықтар
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?