Алматы облысында ағаш шеберханасы өртенді

cover

Өрт аумағы 250 шаршы метр болады.

Сағат 19:18-де 112 нөміріне Алматы облысы Гүлдала ауылында жеке тұрғын үй аумағындағы ағаш шеберханасы өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

«Сағат 19:56-да өрт оқшауланып, 20:14-те сөндірілді. Өрт аумағы 250 шаршы метр болады. Өрттің шығу себебі анықталуда» деп түсіндірді ведомство.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің 20 қызметкері мен төрт техникасы қатыстырылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар