Алматы облысында 4 адам сібір жарасын жұқтырды деген күдік бар

cover Фото: Envanto

Алматы облысында Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылдық округінде сібір жарасына күдікті 4 жағдай тіркелген, деп хабарлайды Orda.kz.

Ауруды жұқтыру себебі ауру малды сойғаннан болуы мүмкін.

Республикалық ветеринарлық зертхана биологиялық талдау және ПТР көмегімен жиналған материалдарға зерттеу жүргізді. Сонымен қатар, сараптамаға материалдар Алматыдағы ветеринарлық ұлттық референттік орталыққа да жіберілді.

Қазір ауылда дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп, ауру адамдардың жеке шаруашылықтарынан алынған малдар карантинге қамалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар