Алматы облысынан Еуроодақ елдеріне мың тоннадан астам заңсыз ауланған балық экспортталған

cover қаржылық мониторинг агенттігі

Қаржылық мониторинг агенттігі 2022 жылғы шілде мен 2023 жылғы сәуір аралығында заңды тұлғаның Еуроодақ елдеріне 1 135 тоннадан аса көксерке сүбесін экспорттағанын анықтады. 

Экспорттауға рұқсат алу үшін ЖШС басшылығымен көрінеу жалған, балықтың Қырғыз Республикасынан ауланып, елімізге кіргізілгенін растайтын ветеринарлық сертификат қолданылған.

 Алайда аталған балық Алматы облысының су қоймаларынан рұқсат құжаттарсыз ауланғаны анықталды.

«Тергеу барысында экспорттауға дайын 125 тонна балық өнімін қоймаға түсіру фактісі анықталды. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр, өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша жарияланбайды. Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық контрабанда үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді» делінген хабарламада.  

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар