Алматы метросында ұялы байланыс пен интернет қосылды
Фото: freepik.com
Алматы метросының жеті станциясында ұялы байланыс пен интернет қосылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қалалық метрополитеннің баспасөз қызметі қалған станцияларды да интернетке қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Райымбек», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «М.Әуезов театры» және «Алатау» станцияларында интернет пен ұялы байланыс орнатылған.
«Бүгінде базалық станциялар орнату жұмыстарын Kcell операторы жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта метро мамандары барлық байланыс операторларын тартуды жоспарлап отыр. Байланыста болу қаншалықты маңызды екенін түсінеміз және жолаушыларымызға саяхатты ыңғайлырақ және технологиялық жағынан жетілген заманауи қызмет ұсынамыз», деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.
Желіге қосылу жұмыстары биыл қыркүйек айында басталған еді. Метрополитен өкілдерінің сөзінше, байланыс сапасына қатысты сұрақтар бойынша жолаушылар ұялы байланыс операторына хабарласа алады. Сонымен қатар жолаушыларға қоңырау шалу, хабарлама жіберу және цифрлық қызметті пайдалануға мүмкіндік беріледі.
Жаңалықтар
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат