Алматы мен Варшава арасында тікелей рейс ашылады
Фото: Pixabay
Польшаның ұлттық әуе тасымалдаушысы LOT Polish Airlines Варшава — Алматы — Варшава жаңа бағыты ашылатынын хабарлады. Алғашқы рейс 2026 жылдың 31 мамырына жоспарланған, деп хабарлайды Orda.kz.
Рейстер жазғы маусымда аптасына төрт рет (сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі) және қысқы маусымда аптасына үш рет (дүйсенбі, сәрсенбі және жұма) орындалады. Ұшу ұзақтығы Варшавадан Алматыға қарай шамамен 6,5 сағат және кері бағытта шамамен бір сағатқа артық болады.
«Алматы – LOT Polish Airlines тұрақты маршруттық желісіндегі Қазақстанның екінші қаласы. Қазақстан — Орталық Азиядағы ең ірі экономика және Польшаның аймақтағы негізгі сауда серіктестерінің бірі. Бұл нарық іскерлік және туристік сапарлар үшін қызығушылық тудырады. Біз саяхаттың жаңа мүмкіндіктері көптеген жолаушыларды тартатынына сенімдіміз», – деп атап өтті LOT Polish Airlines маршруттық желісін жоспарлау жөніндегі департаменттің уәкілетті өкілі және директоры Роберт Людера.
LOT Polish Airlines (Польша әуе жолдары) — 1929 жылы құрылған Польшаның ұлттық тасымалдаушысы. Әуе тасымалдаушысы Star Alliance — әлемдегі ең ірі және көне авиациялық альянс Star Alliance мүшесі.
Жаңалықтар
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті ісі: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді
- ҚР СІМ: Қазақстан мобилизациядан қашып келген ресейліктерді жаппай қайтарып жатқан жоқ
- Астанадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды: Оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды
- «Иранмен қақтығыстан кейін Түркиямен бетпе-бет келуіміз мүмкін»: Израильдің бұрынғы премьері Ердоғанға шүйлікті