Алматы көшелеріне төселген қыштар «мұқтаж отбасының» үйіне қалай жол тартты?
Фото: Бейнеден кадр
Алматының Медеу ауданы әкімдігі Уәлиханов көшесіндегі қыштарға қатысты дауға жауап берді. Әкімдік өкілдері материалдың ескіргенін айтып, мұқтаж отбасыға берілгенін жеткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін белсенді Санжар Боқаев билік өкілдерін жаңа қыштарды жеке нысандарға әкетіп жатыр деп сынға алған еді.
Аудан әкімі Еркебұлан Оразалин Шевченко мен Қазыбек би көшелерінің арасындағы аумақтағы қыштардың ауыстырылып жатқанын растады. Айтуынша, ескі материал 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп, техникалық тұрғыда ескірген.
Сондай-ақ, жаңа шамдар, қоршаулар мен архитектуралық формалар орнатылмақ. Бұған 296 миллион теңге жұмсалады. Дәл осыншама қаржы Қарасай батыр көшесіндегі жұмыстарға да бөлінеді.
«Желекжолдағы қыштар 2004 жылы төселген, ол шамамен 21 жыл қызмет етті. Өткен жылы оны ішінара ауыстыруға тырысқан едік, бірақ қажетті үлгі табылмады. Түрі, пішіні мен қыры сәйкес келмеді. Сондықтан жабындыны жартылай ауыстыру мүмкін болмады. Бұдан бөлек, бұл түрдің өзі ескіргендіктен, әкімдік қыштарды толықтай жаңасына алмастыру туралы шешім қабылдады», – деп түсіндірді Еркебұлан Оразалин.
Шарт бойынша алынған қыш кәдеге жаратылуы тиіс болған. Алайда оны жоюға қимай, 90 шаршы метр материал «мұқтаж отбасыға» мердігерлердің келісімімен берілген. Қалған қышты, шенеуніктердің айтуынша, компанияның базасында сақталып, болашақ жобаларға қайта қолданылады.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды