Алматы әкімдігі маңында митингіге шыққан кәсіпкерлерге айыппұл салынды
Шерушілер шенеуніктерге шағымдарын жеткіземіз деп бастарына бәле тілеп алды, енді олар сот алдында ақталуға мәжбүр. Олардың төртеуіне кеше түнде айыппұл салынды. Ал біреуі митингіні ұйымдастырушы деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Кәсіпкерлердің бірі редакция тілшісіне соттың онлайн режимде өткенін айтты. Оған дейін олар түсініктеме жазуға мәжбүр болған.
«Мен митинг болған жоқ, флешмоб болды деп түсініктеме жаздым. Біз ешкімді үгіттеп, ешкімді заң бұзуға шақырмасақ та барлық билік өкілдері белсенділік танытып, бізді қудалап жатыр. Сот онлайн режимде өтіп, көп күттік. Прокуратура бізге жеңіл жаза бергісі келмеді, олар «жұртқа үлгі болу үшін» қайткен күнде де біреуді қамауы керек болған сияқты», дейді әйел.
Оның айтуынша, акцияның бес қатысушысына қатысты сот отырысы өтті. Төртеуі айыппұл төлеп, бір адам қамауға алынды.
«Дәулет ұйымдастырушы ретінде 10 тәулікке қамалды. Әрине әділетсіз. Олардың қолдарында плакаттар мен оның суреті болды. Оның ұйымдастырушы екенін, барлығына телефон шалғанын айтты. Қазір оған жақсы адвокат іздеп жатырмыз. Алматыда бұл істі еш адвокат алғысы келмейді, пайдасы жоқ дейді. Әйтеуір біреуін Астанадан таптық», деп қосты кәсіпкер әйел.
Наразылық акциясының тағы бір қатысушысын да қамауға аламыз деп қорқытқан, бірақ ол сотта көзіне жас алып, жас сәбиі барын айтып, оған айыппұл салыныпты.
Orda.kz-ке хабарласқан кәсіпкердің айтуынша, сотта олар наразылыққа шыққандар кездесуге келіскен топтың скриншоттарын көрсеткен, сондықтан олардың сот процесін ұйымдастыруға қатысушылардың бірі көмектескенін, бұл Кәсіпкерлер палатасы болуы мүмкін деген күдіктерін айтты.
15 ақпанда бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлер мен жергілікті дүкен иелері Алматы әкімдігіне плакаттармен келіп, еліміздің бірқатар өңірлеріндегідей салықты төрт пайыздан екі пайызға төмендетуді талап еткен болатын.
Жаңалықтар
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты