Алматы әкімдігі ертең Mass Alert сейсмикалық ескерту жүйесін сынақтан өткізеді

cover Фото: Максим Золотухин

Естеріңізге сала кетейік, жақында қала әкімдігі жаңа жедел ескерту жүйесін сынақтан өткізуге уәде берген болатын. Бүгін департамент Android операциялық жүйесі бар құрылғылар үшін тестілеудің бірінші кезеңі 31 мамырда басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

«Ертең сағат 12:00-де Android ОЖ орнатылған мобильді құрылғыларды пайдаланушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі хабарламасы бар қалқымалы терезе түріндегі тестілеу туралы : «Алаңдамаңыздар. Халықты хабардар ету жүйесіне тексеру жүргізілуде», «Не беспокойтесь. Проводится проверка системы оповещения населения»,  «Remain calm. The public alert system is being tested» деген хабарлама алады» деп жазды баспасөз қызметі. 

Екінші кезеңде олар iOS құрылғылары пайдаланушыларын жүйеге қосуға уәде береді.

Әкімдік Mass Alert SMS-хабарландыруларға қарағанда әлдеқайда жақсы деп сендіреді: хабарламалар барлық географиялық аймақтарға түседі, жүйе желінің шамадан тыс жүктелуі жағдайында жұмыс істейді және барлық абоненттерге бірден хабарланады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар