Алимент төлеуден жалтарған ер адам үйіндегі қуыстан табылды
Фото: Podrobno.uz
Ташкентте алимент төлеуден жалтарған ер адам өз үйіндегі қуысқа жасырынғаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жергілікті басылымның мәліметіне сүйенсек, ер адам балаларына бір жылға жуық алимент төлемей келген.
Сот шешіміне сәйкес Ташкент тұрғыны табысының жартысын балаларына беріп отыруы керек еді. Алайда ол 2024 жылдың сәуірінен бастап із-түзсіз жоғалған. Полиция ер адамға іздеу салды.
Ақыры ер адам өз үйінен табылды. Оның екі қабырғаның арасындағы қуысқа тығылып жүргені белгілі болды.
Оған қатысты әкімшілік хаттама жазылды. Ол 15 күнге қамауға алынды. Ер адамның туыстары қарызды түгел өтеп беретіндерін айтыпты.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов оның бұрынғы әйелі екеуінің арасындағы алимент дауына қатысты пікірін айтқан еді.
Жаңалықтар
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты