Әлия Назарбаеваға қарсы арыз Қаржы мониторинг агентігіне жіберілді
Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official
Бас прокуратура Қаржы мониторинг агенттігіне Әлия Назарбаева мен Конституциялық кеңестің бұрынғы төрағасы Валентина Рогованы рейдерлік жолмен құны 170 миллион доллар болатын бизнесті басып алды деп айыптаған кәсіпкердің мәлімдемесін жолдады.
Бұл туралы Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында Бас прокуратура хабарлады.
«2024 жылғы 4 наурыздағы мәлімдеме Бас прокуратураның ақпараттық кітабына тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін Қаржы мониторингі агенттігіне (ҚМА) жіберілгенін мәлімдейміз» деп хабарлады ведомство.
Еске салсақ, 28 ақпанда Астанада баспасөз мәслихаты өтіп, оның барысында кәсіпкер Нұрлан Бимурзин бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваның (2003 жылғы есеп бойынша) құны 170 миллион доллар болатын жұмыс істеп тұрған бизнесін тартып алғанын мәлімдеді. Әңгіме жеті мұнай базасы мен 96 жанармай құю бекеті туралы болып отыр.
Нұрлан Бимурзин өз мәлімдемесінде 20 жыл бұрынғы оқиғаға да қатысы бар делінген Конституциялық кеңестің бұрынғы төрағасы Валентина Рогова туралы айтады.
«Біз арыз жаздық. Қазір тергеуге шақыруын күтіп отырмыз. Екеуінің де үстінен қылмыстық іс қозғалуын сұраймыз»,- деді кәсіпкер.
Жаңалықтар
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды