Әлемдегі ең үлкен фестиваль кезінде 7 адам мерт болды

cover Фото: x.com/vishupopran

Үндістандағы әлемдегі ең үлкен фестивальда кемінде жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Үндістандағы Маха Кумбх Мела фестивалінде қайғылы оқиға болды. Жеті адам қаза тауып, шамамен 10 адам жарақат алды.

Оқиға бүгін, 29 қаңтарда Праяградждағы шатыр қалашығында болды. Бұл жерде миллиондаған қажылар қасиетті жуыну рәсіміне келген еді. Бұл алты апталық индуизм фестивалінің ең маңызды күніндегі ерекше рәсім болған. 

Мәліметтерге сүйенсек, адамдар Ганга, Ямуна және мифтік Сарасвати өзендерінің түйіскен жеріне жиналды. Куәгерлердің айтуынша, келген адамдардың көптігінен қайғылы жағдай болған. Трагедияның нақты  себептері әлі анықталған жоқ.

«Көбісі құлап, тобыр оларды таптап кетті. Балалар мен әйелдер адасып кеткен», - деді Мумбайдан келген Равин есімді қажы.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар