Алексей Навальный тергеу абақтысынан колонияға ауыстырылды

cover

Ресей оппозициясының жетекшісі Алексей Навальный уақытша ұстау абақтысынан колонияға жеткізілді, деп хабарлады оның адвокаты Вадим Кобзев.

Twitter-де «Навальный LIVE» хабарлағандай, адвокат Кобзев 25 ақпанда «Матросская Тишина» уақытша ұстау абақтысына келді, оған Алексей Навальныйдың мекемеден шығарылғандығы туралы айтылды. Қазір оның қай жерде екенін ешкім білмейді.

– Навальныйдың қай жерде екенін білмейміз. Адвокат Вадим Кобзев айтқандай, Алексеймен осы кезде не болып жатқандығынан хабарсызбыз. Бұл жағдайдың қанша уақытқа созылатындығын да болжай алмаймыз, - деді твиттерде.

Мәскеудің қоғамдық бақылау комиссиясының (ҚБК) мүшесі Эва Меркачеваның ТАСС-қа хабарлауынша, Алексей Навальный жазасын өтеу үшін астаналық 1-ші тергеу абақтысынан жалпы режимдегі түзеу колониясына жеткізілген. Ол сонымен бірге оппозиционердің қандай колонияға жіберілгенін білмейтіндігін мәлімдеді.

Бұған дейін қоғамдық бақылау комиссиясы Навальныйды орталық федералды округтегі колонияға ауыстырады деп хабарлаған.

2 ақпанда Мәскеудің Симоновский соты Федералды қылмыстық-атқару қызметінің Алексей Навальныйдың Ив Рошер ісі бойынша шартты жазасын нақты жазамен ауыстыру туралы шешім шығарды. Департамент оппозиционерді сынақ мерзімін бұзды деп айыптады. Саясаткердің қамауға алынған уақытын ескере отырып, қамау мерзім 2 жыл 8 ай болды.

20 ақпанда Мәскеу қалалық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар