Алдыңғысын дөрекілігі үшін қуып жіберді: Маңғыстау сотында жаңа төраға

cover Фото: Alatau-zhuldyzy

Маңғыстау сотының жаңа төрағасы болып 55 жастағы Мақсұт Текетаев тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы ақпаратты біздің редакцияға 2 сот органы растады. Бізге келген ақпарат бойынша, тағайындау 14 наурызда болған, ал 17 наурызда жаңа лауазымға Текетаев ұсынылған.

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы туралы көп ақпарат жоқ. Текетаев Қызылорда облысының тумасы. 2003 жылы Алматыдағы Қонаев университетінің заң факультетін бітірген. Өз мансабын ол 2001 жылы Алматыдағы Медеу ауданының сот орындаушысы қызметінен бастаса, 2007 жылы ол Алматы облысы Талғар ауданының судьясы болған. 2018 жылдың шілде айынан бастап ол сол жерде төраға лауазымын атқарды. 2022 жылы Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасын басқарды және сол жылы Қызылорда облыстық хоккей федерациясының президенті болып

Жаңа төраға 4 баланың әкесі. 

Айта кетейік, Маңғыстау облыстық сотының басшысы Ербол Рахымбеков оғаш қылығы үшін өз орнынан босатылған болатын. Судьяның кетуі «Өзенмұнайгаз» АҚ-дағы топ-менеджерінің қылмыстық ісімен байланысты.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар