Алдағы күндері оңтүстік өңірлер 28 градусқа дейін жылынады

cover Фото: freepik.com

Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігі 28 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қазгидромет синоптиктері 24–26 наурыз аралығында елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын болжайды.

Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын жауады. Ал батыс пен оңтүстікте найзағай, шаңды дауыл және желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша тұман түседі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін.

Ауа температурасы батыста 23°С, солтүстік пен шығыста 14°С, орталықта 22°С, оңтүстікте 28°С, оңтүстік-шығыста 22°С-қа дейін жылиды. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар