Алаяқтар қазақстандықтарды жаңа тәсілмен алдауда

cover Фото: freepik.com

Қазақстан Ұлттық Банкі 2024 жылғы 19 қыркүйекте телефон алаяқтығының күшеюіне байланысты азаматтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл мүлдем жаңа схема.

"Қаскөйлер өзін коммуналдық қызметтің немесе ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырады. Азаматтарға қоңырау шалып, мобильді телефондағы SIM-картаның қолдану мерзімі немесе коммуналдық есептеуіш құралдың пайдалану мерзімі аяқталғанын хабарлайды. Телефонмен әңгіме кезінде азаматтарға олардың қызметін ұзартуға немесе электрондық кезекке тұруға болатынын айтады. Әрі қарай алаяқтар ұялы телефонға келген хабарламаны өзіне жіберуді, қауіпті сілтемеге өтіп қосымшаны жүктеуді немесе мессенджердегі жаңа функцияларды іске қосуды, я болмаса дербес деректерін хабарлауды сұрайды" делінген хабарламада.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар