Ақтөбеден Алматыға шыққан ұшақ бортындағы жолаушы қаза тапты
Фото: әлеуметтік желіден
Жолаушы әйел SCAT әуе компаниясының нөмірі 712-ші ұшағымен Ақтөбеден Алматыға бағыт алған. Алайда ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін ол өзін жайсыз сезінген, деп хабарлайды Orda.kz.
Әйелдің нашар жағдайы туралы экипажға хабар беріледі. Ұшақта денсаулығы нашарлаған азаматшаға бортсеріктер мен медициналық білімі бар жолаушылар, дәрігер-кардиолог алғашқы көмек көрсеткен. Ал ұшақ командирі қайта оралуға шешім қабылдағаны белгілі болды.
Жансақтау шаралар әуе кемесі Ақтөбе әуежайына қонғанға дейін жалғасқаны анықталды. Кейін жергілікті 103 қызметтің өкілдері бортқа жедел көтеріліп, науқасқа қажетті көмек көрсеткен. Алайда әйел адам көз жұмды.
Жолаушының нақты неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. DV712 бағытындағы ұшақ оқиғадан кейін Алматыға қайта ұшып шыққан.
Айта кетейік, Германияда қаза тапқан қазақ әйелінің күйеуі мен енесіне іздеу жарияланды.
Жаңалықтар
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты