Ақтөбедегі 8 адам қаза болған жол апатына қылмыстық іс қозғалды

cover фото: pixabay.com

Ақтөбе облысының полиция департаменті сегіз адам құрбан болған жол апаты бойынша екі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Бұл туралы Ақтөбе облысының полиция басқармасы хабарлады. 

Бірінші іс – екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу. Күдікті ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Екінші қылмыстық іс балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамауға қатысты жүреді. 

«Барлық жауапты тұлғалардың іс – әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды» деп мәлімдеді полиция басқармасы. 

Еске сала кетсек, 7 тамыз күні таңертең Хромтау ауданындағы Самара – Шымкент тас жолында Toyota Ipsum MAN жүк көлігімен соқтығысты. Минивэннен 8 адам, оның ішінде 5 бала қаза тапты. Бұл туралы Orda.kz жазған болатын. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар