Ақтөбеде ыстық құдыққа құлап күйіп қалған әйел қайтыс болды
Фото с сайта freepik.com
Ақтөбеде әйел ыстық су толған ашық тұрған құдыққа түсіп кетіп, ауруханада қайтыс болды. Полиция істі тек оның өлімінен кейін ғана қозғады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Diapazon» мәліметінше қайғылы оқиға 18 шілдеде «Ақтөбе Ажары» ауданында Әбілқайыр хан даңғылында, 25 қабатты «Ақтөбе Ажары» тұрғын кешенінің маңында болған. Қала тұрғыны құдыққа құлап, ыстық суға күйіп қалған, ол 11 күннен кейін ауруханада қайтыс болды.
Полиция қылмыстық істі тек әйелдің қазасынан кейін қозғаған. Алайда біраз уақыттан соң іс белгісіз себептермен тоқтатылған. Марқұмның туыстары мұндай шешімге наразы. Себебі сол күні бұл аумақта жөндеу жұмыстары жүріп жатқан, бірақ ешқандай қоршау немесе ескерту жалауы болмапты. Туыстарының айтуынша, сол сәтте полиция бейнежазбаларды бірден тексергенде, жағдайды анықтау әлдеқайда оңай болатын еді.
Іске адвокат Дәурен Алданиязов араласқаннан кейін қалалық прокуратура істі тоқтату туралы шешімді жойып, тергеуді қайта бастапты.
Ал полиция департаменті қылмыстық істі тергеп жатыр деп айтты.
«Полиция департаменті қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазір барлық мән-жай анықталуда. Тергеу барысында бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерттеліп, куәгерлерден жауап алынып жатыр. Тергеу аяқталған соң заң аясында шешім қабылданады», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мадина Әбілқасымова Kaspi іске қосқан алақанмен төлеудің жаңа технологиясы әлі қауіпсіздік тексерісінен өтпегенін айтты.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды