Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды

cover Фото: Бейнеден кадр

Ақтөбе қаласында қарапайым пауэрбанк кесірінен бір отбасы үйсіз қалды, деп хабарлайды Orda.kz Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 28 ақпанда болған. Тимур Майрумбаевтың үйінде пауэрбанк жарылып, баспананың ішін күлге айналдырған. Бұл үйде Тимур екі ұлымен және әкесімен бірге тұрған. Әкесі Құрман Майрумбаевтың айтуынша, бәрі аяқ астынан басталған.

«Бір тарс еткен дыбыс естідім, жарылыс сияқты. Жүгіріп барсам, ұлымның бөлмесінде немерелерім пауэрбанкті қосып қойған екен, сол жерден от лап етті. Жарылыс болып, түтін шықты. Бірден шкаф жана бастады. Дем алу мүмкін болмай қалды. Түк көрінбейді. Мұндай өртті ешкімнің басына бермесін. Әсіресе балаларға оны қосуды мүлде тыйым салу керек», – деді ол.

Әкесінің айтуынша, өрт сөндірушілер бірнеше минут ішінде жеткен.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 ақпанда Ақтөбе қаласындағы «Арман» тұрғын алабында бір қабатты жеке тұрғын үйдің шатыры жанған. Өрт 20:02-де оқшауланып, 20:23-те толық сөндірілген.

Оқиғадан кейін отбасы туыстарының үйіне көшкен. Ал ер адам алты жыл бойы өз қолымен салған үйін енді қайтадан тұрғызуына тура келеді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар