Ақтөбеде орамалды оқушылар баратын мектепте мерекелік жиынды есікті кілттеп өткізді
фото: orda.kz
Ақтөбеде ер адамдарға кіруге рұқсат етілмейтін қыздар мектебі биылғы оқу жылын 400-ге жуық баламен бастады. Мектептегі бүгінгі мерекелік шараға тек әйел адамдарға ғана қатысуға рұқсат берілді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Ақтөбе қаласындағы «Құнан» қыздар мектеп-лицейі бүгінгі мерекелік жиынды ғимарат есігін кілттеп өткізді. Күзет қызметі мұны «оқушылар орамалды шешіп тұрған соң, ер адамдарды кіргізуге болмайды» деп түсіндірді. БАҚ өкілі екенімізді хабарлаған соң ғана мектепке кірдік.
«29 тамыз күнгі ақпарат бойынша 397 оқушы бар. Бірі келіп, бірі кетіп жатыр. Қазір соңғы ақпарат жоқ. Мектеп 420 орындық, балаларымыз екі ауысыммен оқиды. Барлығы 26 сынып бар. Биыл 2 қазақ сыныбы ашылды. Алғашқы қоңырауға қатысқан бірінші сыныптың барлық баласы бантикпен келді. Балалар сабақта орамалсыз отырады. Мектепке кіргеннен орамалдарын сөмкелеріне салып алады. Бізде ер балалар оқымайды, ер адамдар жоқ. Электрик, күзетші, шаруашылыққа жауапты ер адамдар кірерде хабарлап айтамыз. «Қыздар шығып қалмасын, мына жерде ағайлар жұмыс істеп жатыр» деп ескертіледі»,- деді Құнан мектеп-лицейінің директоры Айгүл Қабиқызы.
Мектеп басшысының айтуынша, білім ордасында Атырау, Орал қалаларынан келген оқушылар да бар. Бірақ олар отбасымен осы қалаға көшіп келгендіктен жергілікті тұрғын саналады. Сонымен қатар бұл қыздар мектебінде облыстың Темір, Алға, Хромтау аудандарынан келген балалар бар. Олар таксимен қатынайды.
Мектеп оқушыларының дені орамалды оқушылар. Тек қыз балаларды ғана қабылдайтын мектептің ұстаздары да әйел адамдар.
Ал қыздар мектебіне бармағанын айтқан облыстық білім басқармасының басшысы білім ордасының төрт жылдан бері жұмыс істеп тұрғанын жеткізді.
«Құнан» мектеп-лицейі» 420 оқушыға арналған. 2019- 2020 оқу жылынан бастап мектепте қыз балаларға арналған арнайы кластар ашылды. 2023-2024 оқу жылында 420 оқушы қабылданады, қазіргі таңда 397 оқушы тіркелген. Барлығы қыз балалар. 1-класқа 35 оқушы қабылданған. Мектеп формасы толығымен сақталынып оқытылады»,- деді облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды