Ақтөбеде қызғалдақ жұлған ауыл әкімін полиция тексереді
Фото: Instagram/problema.aktobe
Ақтөбе облысында Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округ әкімі Ләззат Бердібаева полиция назарына ілікті. Ауылдастарының арасында онлайн әкім атанған қызметкер жұлынған қызғалдақпен суретке түсіп, желіге салды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі Ләззат Бердібаеваның қандай қызғалдақ жұлғаны қаралады. Ауыл әкімінің бір уыс гүлмен түскен суреті Ақтөбедегі парақшалардың бірінде жарияланды. Онда парақша әкімшісі «заң бойынша тыйым салынған емес па? Шара қолдану сұралады» деп жазған.
Полиция желіге жүктелген суретке пікір білдірді.
«Ақпарат тексеріледі және құқықтық баға беріледі. Табиғатты қорғау инспекциямен суреттегі гүлдің Қызыл кітапқа енгені немесе басқа екені анықталады», деп жауап берді облыстық ПД.
Ал ауыл әкімінің өзі гүлдің күні кеше жұлынғанын мойындады. «Жұлуға болмайтынын білмедім» деп ақталды.
«Күні кеше түскен сурет. Демалыста балалармен далаға серуенге шықтық. Қандыағашқа қарай Жұрынның қасында трассаның бойында болдық. Балаларым жұлып әкеп берді. Естелікке суретке түстім. WhatsApp статусына салдым. Гүлді танымайды екенмін. Мен оны жұлуға болмайтынын білген жоқпын. Басқа жақта Қызыл кітапқа енген гүлді жұлуға болмайтынын білемін. Елдің бәрі жұлып жатты. Ойымда ештеңе жоқ. Әйтпесе, міне, мен жұлдым, міне, суретке түстім деп нем бар», — деді Ләззат Бердібаева.
Ауыл әкімі желіге жиі шығатын шенділердің бірі. Осыған дейін жерлестері «онлайн әкім» деп сынады. Айтуларынша, оқуға жиі барады, ауылда көп болмайды.
Ләззат Бердібаева — 2024 жылдың 13 ақпанынан бастап Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округтің әкімі. Округке Қаракөл және Жаңатұрмыс ауылдары қарайды. Онда 722 адам тұрады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Куба президенті Трампқа қатаң жауап қатты
- Тапқан пайдасы мемлекетке қайтарылды: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған түркістандық сотталды
- Жанабыловтардың адвокаты прокурорды заңды бұрмалады және БАҚ арқылы қысым көрсетті деп айыптады
- Бектенов жаңа Конституцияны жаппай таралыммен шығарып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді
- Иран Лариджанидің өлімін растады, Израильге түнімен соққы жасалды — Таяу Шығыстағы жағдай
- Келінін құрыққа түсірген: Әзербайжанда президент отбасын бопсалаған адам ұсталды
- Заңсыз табыс — 128 млн теңге: Зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша берген микроқаржы ұйымы тергеліп жатыр
- Еркебұлан Тоқтарға шүйліккен өзбек файтері сотталды
- Ресейдің жағдайы жақсармай, көзіміз ашылмайды: Шаруалар 7000 тонна пияз өнімін 30 теңгеден де өткізе алмай отыр
- Иран соғысында қол ұшын бермеген еуропалықтарға Трамптың өкпесі қара қазандай
- Атырауда бір отбасын түгелдей қырып салған күдіктіге тағы екі бап бойынша айып тағылды
- Алматыда оқушы өзіне қол салып, қылмыстық іс қозғалды
- Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, бір адам комада жатыр
- ИРНА: Иран зымырандары Израильдің орталық аймақтарына жетті
- Наурызда өтетін матчтарға қатысатын футболшылардың тізімі белгілі болды
- Бүкіл ел бойынша дауылды ескерту
- Франция президенті Эммануэль Макрон Тоқаевқа бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты
- Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді
- Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
- Парамен сотталған Хаменованың түрме жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды