Ақтөбеде құрылысшылар 4 айдан бері жалақыларын ала алмай жүр
Фото: Ашық дереккөзден
Компанияның жалпы қарызы 135 млн теңге, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Осыған дейін құрылысшылар айлықтарын алу үшін серіктестік басшыларына барған. Алайда олардан еш нәтиже жоқ болған. Серіктестіктің жұмысшыларға 500 мың теңге мен 3 млн теңге аралығында берешенгі бар.
«Біз жеке кәсіпкер ретінде «Ақтөбе сәулет» компаниясымен келісім-шартқа отырып, жұмыс алған едік. «Есет батыр» шағын ауданында тоғыз қабатты тұрғын үйлер салынып жатыр. Сол жерде 30-дан аса бригада жұмыс істедік. Міне, 3-4 ай өтті күтіп келе жатқанымызға. Олар әлі салынбаған үйге ақша күтіп отырмыз, ақшаларыңды содан береміз дейді. Сонда олар ойламай ма екен, 3-4 ай бойы біз не істейміз? Бала-шағамызды қалай асыраймыз?», - деді шағымданған жұмысшылардың бірі Ақылбек Сағидоллаев.
Тоғыз қабатты үй 2023 жылы аяқталып, әкімшілік оларды қабылдап алған және компанияға қаражат толықтай аударылған. Бір қызығы компания ақшаны жұмысшыларға емес, алдағы уақытта жоспарланған құрылыс материалдарына жұмсаған. Бұл туралы мәліметті серіктес компания директорының орынбасары жеткізді.
«Қазір директорымыз жоқ, іссапарға кетіп қалды. Әкімдік бізге ақшаны былтыр жыл соңында төледі. Ол қаржыға материал алынды. Енді жалақыны алдағы мейрамнан кейін береміз деп отырмыз», - деді ол.
Жұмысшылар бұл жауапқа сенбейді, ал компанияға тіпті Еңбек инспекциясы да арызданған.
«Біз тексеріп, не себептен бере алмай жатқандарын білеміз, анық-қанығына жетеміз. Заң бұзушылық анықталған жағдайда нұсқама беріп, айыппұл салып, үстемесімен қоса алып беруге әрекет жасаймыз», - деп уәде берді Еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Талғат Есқарин.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды