Ақтөбеде демалыс орталығында жарақат алған 9 жастағы қыздың анасы көмек сұрады
Фото: Жеке архивтен
Ақтөбеде жалғызбасты ана демалыс орталығына барған қызының қан-жоса болған бейнежазбасын, суреттерін көрсетті. Сіңірі бірнеше жерден тігілген жасөспірімнің қолы бүгілмей қалған. Күйзеліске түскен бала мен анаға көмек қажет, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбелік жалғызбасты ана Ару Жұбандықова қоғамдық ұйымдар мен белсенділерге, БАҚ өкілдеріне үндеу жасады.
Ол көзінің қарашығындай болған жалғыз қызы түнде ұйқы, күндіз күлкіден айрылғанын айтып, ағынан жарылды. Анасы демалыс орталығында ойнап жүріп жарақат алған қызының денсаулығына алаңдайды.
Оқиға 2025 жылы 7 мамыр күні Ақтөбе қаласындағы «Family Park» балалар демалыс орталығында болған.
«Сіңлімнің туған күні болған соң, Family park-ке келдік. Қызымды әкеліп, жеңгеме тапсырдым. Сағат 16:00-де. Маған сағат 17:30-да хабар келді. 7-8 минутта келіп болдым. Жеңгем жедел жәрдем шақырып жатыр. Орталық қызметкерлері қансырап жатқан балаға ойыншықты әкеліп, тыққылап жатты. Баланы бірден отаға жіберді. Ауруханада 10 күндей жаттық. Кейін анам екеуміз Family park-ке келдік. Камераға қарағымыз келді. Ол кезде сөніп тұрған, істемейтінін алға тартты. 10 күннен кейін келгенде қанның сүртілмегенін көрдік. Қалай тұр, солай жатты. Қызымның қолы жұмылмайды, ісіп тұр. Жылай береді, қорқады», — деді зардап шеккен жасөспірімнің анасы Ару Жұбандықова.
Жалғызбасты ана демалыс орталығын заң алдында жауапқа тартпақ. Полицияға арыз жазған. Сотқа жүгініп, моральдық, материалдық талап-арыз қоятынын жеткізді.
Оқиғаның қасында болған әжесі немересінің сүйегіне дейін кесілгенін айтты.

«Шұғыл ота жасалды. Мен баланың қасына кірдім. Қыз қатты қорқып, шошиды. Қолына қарап жылайды. Екінші қабатқа көтеретін тростты ұстап, қозғалтқыш қысып қалған секілді. Сүйегі көрін ауданғаіп қалды. Немерем бұл жаққа қарай аяқ баспайды. Бұл қарай жүруге қорқады. Әлі де түнімен ұйықтамайды», — деді әжесі.
«Family Park»юд балалар демалыс орталығы оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жасөспірімге көпсалалы облыстық балалар ауруханасында көмек көрсетілген. Сіңірі тігілгенін растады. Ал Ақтөбе облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 306-бап, 1-бөлігі «қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату» бойынша іс қозғалғанын, зерттеу тағайындалғанын хабарлады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы