Ақтөбеде әдейі жалған ақшамен төлем жасап, алаяқтыққа барған әйел сотталды

cover Фото: Depositphotos

Ақтөбеде әйел тауарды сатып алуға қаржысы болмаса да, 10 000 теңге номиналындағы сувенирлік купюралармен төлем жасап, алаяқтыққа барған. Сот әйелді 3 жыл 6 айға түрмеге жапты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сотталушы 5 жәбірленушіге жалпы 50 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірген. Сот отырысында сотталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындады.

Сотта қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Әйел 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. 

Сонымен қатар жыл сайын 100 сағат көлемінде мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар