Ақтөбе облысының экс-әкімі қылмысты жасыру үшін таныстарынан қарыз сұраған
Сотта сегіз жылға бас бостандығынан айрылған Ақтөбе облысының экс-әкімі Ермек Имантаев істі жабу үшін таныстарынан қанша қарыз алғаны айтылды.
Ақтөбе облысының экс-әкімі Ермек Имантаевтың есімі аталатын тағы бір сот Қылмыстық кодекстің “Алаяқтық” бабымен қаралып жатыр. Істе Ермек Имантаев жәбірленуші ретінде танылған. Айыпталушы үстелінде - Н.Болтаев. Шымкент өңірінің тумасы, Астана қаласының тұрғыны, бес баласы бар.
Сот материалдарына сүйенсек, 2007 жылы Ермек Имантаев ортақ танысы арқылы айыпталушы Болтаевпен танысады. Арада сенімді қарым-қатынас орнайды. Мемлекеттік айыпталушы Имантаевтың 2019-2021 жылдар аралығында "Ақтөбе" ӘКК басқарма төрағасы болып қызмет атқарғанын еске салды.
Және 2021 жылы қазан-қараша айларынды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті ҚР Қылмыстық кодекстің 361 және 189 баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізгенін атады.
“Имантаев қылмыстық іс туралы біліп, алаңдап 2022 жылдың көктемінде оны танысына айтады. Ал ол сотталушы Балтаевқа айтады. Балтаев бұрын құқық қорғау саласында жұмыс істеген. Алдау жолымен ақша жымқыру үшін Балтаев Антикор қызметінде танысы бар екенін айтады. Имантаевқа 100 млн теңге сыйақы берсе, танысымен сөйлесіп, істі тоқтатуға келісе алатынын айтты. 2022 жылдың көктемінде Балтаев пен Имантаев Астана қаласындағы дәмханада кездеседі. Кездесуде Балтаев танысы бар екенін қылмыстық іске тартылмас үшін өзі арқылы 100 млн теңге беру керек деп айтып, сендіреді. Балтаевқа өз таныстары арқылы бөліп-бөліп ақша беруге келісті. Кейін Балтаев келісімді еске салып, қайта-қайта телефон шалып тұрады”,- деді прокурор Әсел Таналиева.
2022 жылдың наурыз айынан бастап 2023 жылдың ақпан айына дейін Балтаевтың банктегі есепшотына Имантаевтың таныстарынан жалпы соммасы 2 млн 419 мың теңге түсті.
2022 жылдың 14 наурызы күні Астана қаласында ҚК 189 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2022 жылдың жазында қылмыстық іске Имантаев куәгер ретінде тіркеліп, 2022 жылдың тамыз айында осы іс бойынша айыпталушы ретінде тіркеледі. Айыптауда Балтаевтың осы кезде тағы да хабарласып, іс қозғалғанын еске салғаны айтылады. Имантаев қылмыстық жауапқа тартылмас үшін Балтаевқа "Капитал инвестмент групп" ЖШС-індегі негізгі капиталдың 70% ұсынады. Оның нарықтағы бағасы 100 млн теңгеден асады. Балтаев оған келіседі. 2022 жылдың 27 желтоқсаны күні Ақтөбе қаласында сату-сатып алу келісімшарты жасалады. Балтаев компаниядағы үлесін сатып беруін сұрайды. Себебі танысына ақшаны қолма-қол беру керек деп айтқан. Имантаев "Капитал инвестмент групп" ЖШС-нің екінші құрылтайшысына қалған 70% сатып алуды ұсынады. Бағасын 50 млн теңге деп бекітеді. Ақшаны төлеу үшін уақыт сұраған. Имантаев Балтаевтың ақша тауып беретініне сендіру үшін танысы арқылы 4 млн теңге береді.
“Сол жерде қолхат жазылады. 2023 ақпан айында Имантаев таныстарынан 30 млн теңге қарызға сұрап алады. Балтаевқа 30 млн теңге ақшаны, оған қосы өзіндегі 10 мың доллар қаржыны береді. Барлығы 36 млн теңгеден астам ақша, 10 мың АҚШ доларын, "Капитал инвестмент групп" ЖШС-індегі 70% үлесін алады. Команияның нарықтағы құны 178 млн теңгені құрайды. Балтаев алаяқтық жасайды. Тараптар өзара келісімге келді. Прокурор процестік келісімге жасау кезінде 5 жыл бас бостандығынан айырып, "Капитал инвестмент групп" ЖШС-дегі 70% үлесті мемлекет пайдасына тәркілеуді сұрайды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесіндегі орташа қауіпсіздік мекемесінде өтесін”,- деді прокурор.
Іс қысқартылған тәртіппен қаралып жатыр.
Еске салсақ, Ақтөбе облысының әкс-әкімі, “Ақтөбе” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бұрынғы басшысы Ермек Имантаев Қылмыстық кодекстің “Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу” бабымен жауапқа тартылып, 8 жылға бас бостандығынан айрылды.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды