Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам қаза тапты
Фото: Orda.kz
Олардың төртеуі — бала. Тағы 11 адам зардап шекті, үшеуі Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізілді.
2024 жылғы 6 наурызда сағат 08:36-да Ақтөбе облысында Ақтөбе-Астахан тасжолының 120-шақырымында Largus және Hilux маркалы екі автокөлік соқтығысты.
Апат салдарынан Largus көлігі өртеніп кеткен. 8 адам қаза тапты.
Қаза тапқан балалардың Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы мектептің 4-6-сынып оқушылары екені белгілі болды. Олар әке-шешесімен таксиге мініп, шаруаларымен кетіп бара жатқан.
Оқиға орнында полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері жүр. Апаттың себептері анықталып жатыр.
Жаңалықтар
- Куба президенті Трампқа қатаң жауап қатты
- Тапқан пайдасы мемлекетке қайтарылды: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған түркістандық сотталды
- Жанабыловтардың адвокаты прокурорды заңды бұрмалады және БАҚ арқылы қысым көрсетті деп айыптады
- Бектенов жаңа Конституцияны жаппай таралыммен шығарып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді
- Иран Лариджанидің өлімін растады, Израильге түнімен соққы жасалды — Таяу Шығыстағы жағдай
- Келінін құрыққа түсірген: Әзербайжанда президент отбасын бопсалаған адам ұсталды
- Заңсыз табыс — 128 млн теңге: Зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша берген микроқаржы ұйымы тергеліп жатыр
- Еркебұлан Тоқтарға шүйліккен өзбек файтері сотталды
- Ресейдің жағдайы жақсармай, көзіміз ашылмайды: Шаруалар 7000 тонна пияз өнімін 30 теңгеден де өткізе алмай отыр
- Иран соғысында қол ұшын бермеген еуропалықтарға Трамптың өкпесі қара қазандай
- Атырауда бір отбасын түгелдей қырып салған күдіктіге тағы екі бап бойынша айып тағылды
- Алматыда оқушы өзіне қол салып, қылмыстық іс қозғалды
- Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, бір адам комада жатыр
- ИРНА: Иран зымырандары Израильдің орталық аймақтарына жетті
- Наурызда өтетін матчтарға қатысатын футболшылардың тізімі белгілі болды
- Бүкіл ел бойынша дауылды ескерту
- Франция президенті Эммануэль Макрон Тоқаевқа бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты
- Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді
- Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
- Парамен сотталған Хаменованың түрме жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды