Ақтөбе облысында еріген қар суы тас жолды басып қалды

cover Фото: әлеуметтік желіден

Республикалық маңызы бар А-26 Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз жолының 232-233 шақырымында Шалқардан 20 шақырым жерде еріген қар суы жол жамылғысын басып қалды.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлайды.

«Жол үстіндегі еріген қар суының ені 15 метр, биіктігі шамамен үш-бес сантиметр. Бұл аумақта үш су өткізгіш құбыр бар, су құбырлары толықтай жұмыс істеп тұр» делінген хабарламада.

Толған суды ағызу үшін «КАЖсервис» ЖШС Ақтөбе филиалынан 15 жол жұмысшысы, алты  арнайы техника, жолды нығайтуға 2600 қап құм және қосымша 1200 тонна құм тартылды. Тағы 3000 қап дайындалды.

Жолда ешқандай шектеулер жоқ, көліктер жол бойымен кедергісіз қозғалады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар