Ақтөбе облысында ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салды
Фото: instagram / zello.poisk
Ақтөбе қаласының маңынан ерлі-зайыптылардың денелері табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Екеуі де өткен күні із-түзсіз жоғалып кеткен. Жергілікті еріктілер оларды іздеуге көмек сұраған еді.
Бүгін қала сыртынан ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салған болуы мүмкін. «Орда» дереккөздерінің айтуынша, олардың артында бес бала қалды
«Әйелдің денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталды. Кейін күйеуі асылған күйде табылды. Оқиға орнында тергеушілер аумақты тексеріп, дәлелдер жинап, жұмыс істеп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды, қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады полиция департаменті.
Бұған дейін, қыркүйекте, Түркістан облысында 45 жастағы ер адам қызғаныштан әйелін балғамен ұрып өлтірген соң өзіне-өзі қол салды. Таңертең олардың жансыз денелерін балалары тауып алған.
Жаңалықтар
- Жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігі жүргізушісі құтқарылды
- Бавария 105 гол соғып, өз рекордын жаңартты
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр
- АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?