Ақтөбе облысында аяздан жүк көліктерінің дизель отыны қатып қалды

cover

Ақтөбе облысында ұйытқыған бұрқасын мен боран желдің орнын аяз басты. Өңірде синоптиктер ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.

Әйтеке би ауданындағы Самара-Шымкент тас жолында аяз салдарынан дизельдік жанармай қатып қалған жүк көліктері бірінен соң бірі тоқтап қалып жатыр. Ондаған көлік кептелісі пайда болды. Тек тас жолдың 965-1025-шақырымына дейінгі учаскеде 20-ға жуық жүк көлігі тұр. Жүргізушілер көліктерді газбен жылытуға тырысқанымен бұл өте қауіпті.

Дегенмен «ҚазАвтоЖол» жүргізушілердің жол ережесін сақтамауы, кейбірінің басқа көліктердің жолын жауып, қарсы қозғалыс жолағына түсуі салдарынан кептеліс болып жатқанын хабарлайды. 

«Ұқсас жағдай Ақтөбе қаласы мен Қарабұтақ ауылы арасындағы аумақта тұрақты түрде орын алып, бірнеше күнге созылуда. Жүргізушілер белгіленген ережелерді елемей, басып озу үшін қарсы жолаққа шығады. Ақпанның 15-інен 16-сына қараған түні ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл аумақта көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Салдарынан жүргізушілер 2-3 қатар түзіп, көліктерін жол бойында қалдырған. Бұл көлік қозғалысын бөгеп, жол қозғалысы қатысушыларының барлығына қосымша қиындықтар туғызды»  деп хабарлады ведомство.


Сол түні синоптиктердің болжамымен Ақтөбе облысында аяз минус 28 градусқа дейін төмендейді деген хабарламаны ескермей жолға шыққан адамдардың барлығы дерлік жолда қалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар