Ақтөбе облысында 99 жасөспірім қыз жүкті болды

cover Фото: Pexels

2025 жылы Ақтөбе облысында 99 жасөспірім қыз жүкті болған. Анықталғандай ең жас қыз — 14 жаста, деп хабарлайды Orda.kz. 

Диапазонның  мәліметінше, 2025 жылы Ақтөбе облысында 99 жасөспірім қыз жүкті болған. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда төмен 107 жағдай екен. Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірімдер жүктілікті бірден байқамайды. Себебі бұл жаста етеккір циклі жиі бұзылады, ал жүрек айну мен әлсіздік көбіне асқазан мәселесімен шатастырылады. Олардың басым бөлігі 17–18 жастағы колледж студенттері болса, ең кішкентай қыз 14 жаста екен. 

Сонымен қатар, кең киім кию және іш бұлшықеттерінің дамуы жүктілікті ұзақ уақыт көзге түсірмейді екен. Мамандардың сөзінше, кейбір отбасыларда жыныстық тәрбие тақырыбы жабық болғандықтан, қыздар жүктілігін ата-анасына айтуға қорқады. Кей жағдайларда жасөспірімдердің жүкті болуы отбасындағы зорлық-зомбылықпен де байланысты.

Дәрігерлер ерте жүктілік қыздардың денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін айтады. Асқынулар ересек әйелдерге қарағанда 2–3 есе жиі кездеседі, ал дүниеге келген сәбилердің салмағы аз болуы мүмкін.

Соған қарамастан, жасөспірім аналардың 97–98%-ы балаларын дүниеге әкеліп, оларды отбасында тәрбиелейді. Кейбір жағдайда қыздардың оқуын жалғастыруы үшін сәбиге әжелері қарайды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар