Ақтөбе облысында 100-ден астам отбасы су тасқынынан кейін жаңа баспанаға қоныстанды
30 тамызда Ақтөбе облысының Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккен 100-ден астам отбасы жаңа жайлы үйлердің кілттерін алды. Қобда ауылында 98 үй, одан бөлек Жарық ауылында тағы 17 үй салынды, олардың барлығы да Болат Өтемұратов қорының қолдауымен салынды.
Алаңы 80 шаршы метрден 100 шаршы метрге дейінгі әр үй автономды жылытуға арналған санитарлық тораптар мен қазандықтарды қоса алғанда, заманауи қондырғылармен жабдықталған. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қоныстанушыларға кілт тапсыра отырып, апаттан зардап шеккендер мемлекет пен жеке қайырымдылық жасаушылардан уақтылы көмек алғанын атап өтті.

«Біз тасқын судан кейін басымызға түскен қиындыққа бей-жай қарамаған кәсіпкерлерге облысымызды қалпына келтіруге қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз. Болат Өтемұратов қорымен зардап шеккендерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс қиын кезеңдерде бірігудің қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Қалыпты өмірге оралған қоныстанушылардың қуанышы бізді өңірдің игілігі үшін ынтымақтастықты жалғастыруға шабыттандырады», - деп атап өтті Асхат Шахаров.
Жаңа баспана алғандардың көпшілігі уақытша туыстарымен тұрды немесе пәтер жалдады. Қобда ауданында 30 жылдан астам тұрып жатқан төрт баланың анасы Жадыра Аяпбергенова өз әсерін бөлісті.
«Су тасқыны кезінде үйде су 20 сантиметрге дейін көтерілді, біз бәрін бір сәтте жоғалттық. Меценаттар мен мемлекеттің қолдауының арқасында бізде жаңа үй, жаңа үміт пайда болды. Біз бұл көмек үшін өте ризамыз. Бізге үй ұнады, біз бұрын да келіп, құрылыс процесін бақыладық. Онда жылыту және санитарлық тораптарды қоса алғанда, жайлы өмір сүру үшін бәрі бар», — деді ол.

Қор директоры Марат Айтмағамбетов зардап шеккен отбасыларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
«Біз әрқашан қиын сәттерде адамдарға қолдау көрсетуге тырысамыз. Баспанасыз қалу - кез келген адам үшін ауыр сынақ. Біздің міндетіміз жайлы және сапалы үйлерді уақтылы салу ғана емес, сонымен қатар адамдардың қалыпты өмірге оралуына, болашаққа деген сенімділікті қалпына келтіруіне көмектесу болды»,- деді ол.
Таяудағы күндері Қор тағы да 32 үйдің кілтін табыстайды, бұл Ақтөбе облысында 400-ден астам отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жобаны толығымен аяқтауға мүмкіндік береді. Бұған дейін өңір тұрғындарына Ақтөбе қаласынан 106 пәтер және облыстың түрлі аудандарынан 162 үй берілген болатын.

Жалпы алғанда, Болат Өтемұратов қорының компаниялар тобы Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде шамамен 12,5 млрд теңге бөлді, оның 10 млрд теңгеден астамын қайырымдылық қоры берді, ал «Кар-Тел» және RG Gold компаниялары әрқайсысы 1 млрд теңгеден үлес қосты.

Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды