Актер Мұрат Бисембин инсульт алып ауруханаға түсті
Фото: әлеуметтік желіден
«Рэкетир» фильмі арқылы көрерменге танылған актер Мұрат Бисембин инсульт алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы оның қызы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Қазір актер дәрігерлердің бақылауында екен.
Бұған дейін ол инстаграм парақшасында:
«Көп адам әкемнің жағдайын сұрайды. Біржақты жауап бере алмаймын. Кейде жақсы, кейде нашар. Біз әрдайым жағымды атмосфера қалыптастыруға тырысамыз. Соңғы бір жарым жылда әкем мен анам көп қиындықтан өтті. Бір ауруханадан екіншісіне, клиникадан клиникаға, бітпейтін анализдер, емдеу, химия терапиясы, қалпына келу – барлығы артта қалды» деп жазған еді.
Актердің әріптесі Жан Байжанбаевтың айтуынша, Мұрат Бисембин бір жылдан аса уақыттан бері онкологиялық аурумен күресіп келеді. Соңғы уақытта оның жағдайы күрт нашарлап, шұғыл түрде қымбат иммунотерапия қажет болған. Сол себепті әріптестері әлеуметтік желілер арқылы қаражат жинай бастады. Олар кез келген көмектің маңызды екенін атап өтті.
Айта кетейік, Түркия парламентінде депутаттар төбелесіп қалды.
Жаңалықтар
- Тегеранға жасалған соққылар кезінде жараланған Хаменеидің кеңесшісі көз жұмды
- 25 млн теңге талап еткен: Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалаған бойжеткен ұсталды
- Еліміздің әртістері миллиардтаған табыстан қағылып келген
- Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын құттықтады
- Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды
- Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
- Қостанайда ер адам тұрғындарды алдап, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталды
- Импортқа тәуелділік қашан азаяды? Мәжілісте мұнай-газ мәселесі көтерілді
- Баламды төртке бөліп тастапты: Бірін қабірге аттандырып, екіншісін мүгедек еткен 21 жастағы жүргізушіге сот жеңіл жаза берді
- Зеленский Ресейде Telegram-ның бұғатталуы туралы: Соғысты тоқтату үшін
- Украина Пасха мерекесіне орай уақытша бітімге келуге дайын екенін мәлімдеді
- Жетісудағы қатыгездік: Дәрігерді күрекпен аяусыз сабап тастады
- Шығын — 4 миллиард теңге: Аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған «басшы» Грузиядан экстрадицияланды
- 4 мыңнан астам қоқыс үйіндісі анықталды: Лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды
- Ертеңнен бастап негізгі ҰБТ-ға өтініш тастауға болады: Тестілеу қашан басталады?
- Дикий Арман қырғыз моделімен ажырасып кетті
- Қаза тапқандар бар: Камчаткада жоғалған туристер табылды
- Тоқаев қазақстандық боксшы қыздарымызды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
- Иран АҚШ пен Израильден өтемақы талап етпек
- Түркияда нөсер жаңбыр салдарынан екі адам қаза тапты