Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандардың видеосы тарады

cover Фото: Видеодан алынған кадр

Маңғыстау облысының ауруханасына 14 адам жеткізілген, олардың ішінде бес адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Зардап шеккендер арасында 11 және 16 жастағы балалар бар.

Апат болған жерде тірі қалған адамдардың видеосы тарады. 

Алдын ала ақпаратқа сәйкес бортта Әзірбайжанның 37, Қазақстанның 6, Қырғызстанның 3, Ресейдің 16 азаматы болған.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай да ұшақ апаты болған жерге барды.

Еске салайық, Ақтауда ұшақ құлады. Бортта 67 адам болған. Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ құстармен соқтығысқан болуы мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар