Ақтаудағы ұшақ апаты: Тірі қалған жолаушылардың қазіргі жағдайы белгілі болды
Фото: Orda.kz
Әзірбайжан Баку - Грозный бағыты бойынша ұшқан жолаушылар ұшағының апатты құлауы кезіндегі зардап шеккендердің жағдайын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz .
25 желтоқсан Ақтауда ұшақ апаты кезінде оқиға орнына 22 жедел жәрдем бригадасы және 6 медициналық апат орталығының бригадасы жіберілді. Обылыстық көп салалы ауруханасы 30 хирургиялық және травматологиялық орын, 10 жан сақтау орынын дайындады.
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы өз кезегінде 20 адамға орын және 10 реанимациялық орын дайындады. Балалар ауруханасына 2 бала келіп түсті.
Әзірбайжандық бала жан сақтау бөлімінде, травмотология бөлімінде Ресей Федерациясы азаматының баласы жатыр. Облыстық көп салалы ауруханаға 27 адам жеткізілді. Оның 15-і Әзірбайжан азаматы, 8-і Ресей Федерациясының азаматы, 3-і Қырғызстан азаматы, 1 адамның жеке басы анықталмаған. 11 адам жалпы реанимация бөлімінде жатса, 13 адам травмотолгияда, 2 адам нейрохирургияда, 1 адам хирургия бөлімінде.
Ауруханаларға зардап шеккендер әр түрлі жарақаттармен жеткізілді. Көбінде жабық бас ми жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде жарақаттары, 1-2 дәрежелі травматикалық шок. Реанимацияда жатқан 11 адамның 3-нің жағдайы орташа ауыр, 7-і ауыр жағдайда, 1-і өте ауыр әрі тұрақсыз.
Ауруханаға келе сала барлық жеткізілгендерге тексерудің барлық түрі жасалып, жағдайлары бірқалыпқа түскен соң, жағдайларына сәйкес аурухана бөлімдеріне жіберілген. 1 зардап шеккен адамға шұғыл түрде лапоротомия жасалды, іш қуысының дренажы жасалап, жыртылған тоқ ішек тігілді. Барлық пациенттер ҚР ДСМ диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем алады.
Тергеу органдары 2 пациенттің жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізді, олардың біреуі Әзірбайжан азаматы екені анықталды. Сондай-ақ, санитарлық авиация желісі бойынша Астана қаласынан Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының және жетекші республикалық орталықтардың жоғары білікті мамандары келді.
Жоғарыда аталған мамандардан басқа, Әзірбайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен ТЖМ арнайы кеңесі, санавиация бригадасы келді. Барлық зардап шеккендерді аралау жүргізілді, ем жүргізу тәсілі келісілді.
Сондай-ақ, зардап шеккендермен және туыстарымен психологтар топ жұмыс істейді.
Бүгін 26.12.2024 жылы таңертең Ақтау уақытымен сағат 08:30-да Ресей Федерациясының ТЖМ орталық аппаратының санитарлық авиация бортында Ресей Федерациясы азаматтары эвакуацияланды.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды