Ақтаудағы ұшақ апаты: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

cover Фото: Orda.kz

Бас прокуратура Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қылмыстық іс бас прокурорының ерекше бақылауына өтті. 

«Ақтау қаласы маңындағы Әзірбайжан әуе компаниясының әуе кемесінің апаты бойынша бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылды» делінген хабарламада. 

Оның құрамына көлік прокуратурасының, ІІМ және ТЖМ тәжірибелі қызметкерлері кірген. Сонымен қатар оқиға орнына үкіметтік комиссия құрамында елдің бас көлік прокуроры барды.

Еске салайық, бүгін, 25 желтоқсан күні Ақтау қаласы маңында ұшақ апаты болды.  Апатқа ұшыраған Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ бортында 69 адам болған.  

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар