Ақтауда құлаған ұшақ бортында қазақстандықтар болды

cover Фото: Orda.kz

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ бортында болған адамдардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Baza телеграм-арнасының ақпараты бойынша жолаушылардың көпшілігі Әзірбайжан азаматы. Сондай-ақ, бортта Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары болды.

Көлік министрлігі хабарлағанғай, бортта Әзірбайжанның 37, Ресейдің 16, Қазақстанның 6, Қырғызстанның 3 азаматы болған.

Azerbaijan Airlines-тің Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан AHY8243 нөмірлі ұшақ құлады. Baza-ның хабарлауынша, апатқа ұшыраған ұшақ бортында 67 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар