Ақтау теңіз портының президенті ұсталды
Фото: Ақтау портының баспасөз қызметі
Ақтауда халықаралық теңіз портының президенті Абай Түрікпенбаев ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Порт президенті қамауға алынғаны жайлы ақпаратты бірнеше дереккөз растады. Оның ішінде құқық қорғау органдары да бар. Біздің мәліметімізше, Түрікпенбаев қазір тергеу изоляторында отыр. Оның ісі бойынша тергеуді ҰҚК қолға алған. Нақты қандай күдікке ілінгенін анықтау үшін, біз комитетке ресми сауал жолдадық. Әзірге жауап келмеді.
Ұсталған Абай Түрікпенбаевқа қатысты қылмыстық іс мұнай контрабандасымен байланысты болуы мүмкін. 2023 жылдың шілдесінде «БатысНефтеТрэйд» ЖШС-не тиесілі «Мелиана» танкері арқылы Қазақстаннан заңсыз мұнай жөнелтпек болған. Алайда ҰҚК бұл операцияның егжей-тегжейін әлі күнге дейін ашып айтқан жоқ.
Мұнай өнімдеріне лық толған бұл кеме әлі де Ақтау портында тоқтатылып тұр. Әлеуметтік желілерде белсенділер «Мелиана» ісінің әдейі созылып жатқанын мәлімдеді. Өйткені істе билік органдарындағы тұлғалардың есімі аталады.
2025 жылдың қаңтарында Orda.kz тілшісі Маңғыстауда Абай Түрікпенбаевпен кездескенде, одан мұнай контрабандасы, соның ішінде «Мелиана» туралы сұрақ қойған. Алайда порт президенті бұл оқиғаны түсіндірмей, пікір білдіруден бас тартты.
Бүгін Ақтау теңіз портының баспасөз қызметі Түрікпенбаев жоқ кезде басқару міндетін Әмір Атамбаев атқаратынын хабарлады. Ол ««Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК” АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Порт Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан, бірнеше халықаралық көлік дәліздерінің тоғысқан жерінде тұр. Бұл Иранға, Түркияға, Ресейге, Әзірбайжанға және Түрікменстанға құрғақ жүк, мұнай және мұнай өнімдерін үздіксіз тасымалдауға мүмкіндік береді.
Жыл сайын Ақтау порты арқылы 3,5 млн тоннадан астам мұнай жөнелтіледі. Порт арқылы Қазақстаннан мұнай ғана емес, астық, түсті металдар және басқа да тауарлар экспортталады.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды