«Ақша сұраған»: Жамбыл облысында тәрбиеші әйелді ауылдасы өлтіріп кетті
Фото: freepik.com
Жамбыл облысындағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші болып істейдін әйел өлі табылды, деп хабарлайды Orda.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.
Марқұм екі күн бұрын Таразға барып, сол күйі жоғалып кеткен. Әуелі тәрбиешіні жұбайы мен ұлы іздей бастаған. Бірақ нәтиже болмағаннан кейін, полицияға хабарласты.
Сол күні кешке тәрбиешінің үйіне жақын маңда зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің денесі табылды. Ақпаратқа сәйкес, ол басына тиген тас соққысынан қайтыс болуы мүмкін. Мұны дененің жанынан табылған қанды тас дәлелдейді.
Полиция қылмыстық іс аясында тиісті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді. Аудан аумағында бұрын сотталған адамдардың, оның ішінде ауыр, аса ауыр, психикалық бұзылулары бар есепте тұрған адамдар түгел тексерілді.
Полицейлер әйелді өлтірген 34 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Күдікті қылмыс жасау кезінде мас болған екен. Ол әйелді көріп, одан ақша сұрай бастаған. Әйел қашуға әрекет жасағанда, ер адам таспен басынан бірнеше рет ұрып, құлатқан. Кейін қолындағы екі алтын сақинасын шешіп алып кетіпті.
Күдікті қамауға алынды.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды