АҚШ Венесуэла билігін ресми түрде мойындады

cover Фото: Freepik

Дональд Трамп АҚШ ресми түрде Венесуэланың жаңа билігін мойындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы Ақ үй басшысы «Америка қалқаны» саммитінде мәлімдеді.

«Осы аптада Венесуэла үкіметін ресми түрде мойындағанымызды қуана хабарлаймын. Біз оларды заңды түрде мойындадық» – деді Трамп.

Еске сала кетейік, 3 қаңтарға қараған түні Каракаста жарылыс болды. Осыдан кейін Трамп АҚШ-тың ауқымды соққы жасағанын, ал Венесуэла президенті Николас Мадуро жұбайымен бірге ұсталып, елден шығарылғанын мәлімдеді.

5 қаңтарда Мадуро мен оның жұбайы Нью-Йорк сотында сөз сөйлеп, өздеріне тағылған айыптарды мойындамайтындарын мәлімдеді. Сондай-ақ Мадуро өзін «әскери тұтқын» деп атады.

Венесуэланың Жоғарғы соты елдің вице-президенті Делси Родригес уақытша президент қызметін атқарады деп шешті.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар