АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қазақстанға келеді
Фото: бейнекадрдан үзінді
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Орталық Азия елдеріне сапарға шығуды, соның ішінде Қазақстанға келуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Рубио 6 қарашада Мемлекеттік департаментте 2026 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдеріне іс-сапармен келетінін мәлімдеді.
«Мен келесі жылы осы бес елдің барлығына баруды жоспарлап отырмын. Сапар шамамен бір апта немесе одан да ұзаққа созылуы мүмкін», –деді Рубио.
Мемлекеттік хатшының айтуынша, экономиканы дамыту, нарыққа қол жеткізу және табиғи ресурстарды игеру бағыттарында АҚШ пен аймақ елдерінің мүдделері сәйкес келеді. Рубио Вашингтонның екіжақты деңгейде де, С5+1 форматында да ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.
Рубионың сөзінше, Орталық Азия елдері бұған дейін АҚШ-тың сыртқы саясатында жеткілікті назардан тыс қалып келген, алайда енді жағдай өзгереді.
«Бұл — үлкен мүмкіндік. Біздің ұлттық мүдделеріміз ұқсас, әсіресе экономикалық өсу мен тұрақты даму саласында сәйкеседі».
Марко Рубио америкалық компаниялардың Орталық Азияның табиғи ресурстарына деген қызығушылығы артып келе жатқанын да атап өтті:
«Егер сіздер елдеріңіздің байлығын экономиканы әртараптандыру үшін пайдаланғыларыңыз келсе, біз бұл үдерістің бір бөлігі болуға дайынбыз».
Еске сала кетейік, Алматы қаласының прокурорлары жазасын пенитенциарлық мекемеде өтеп жатқан сотталған адамның және ҚР құзырлы органдарының қызметкерлерінің Америка Құрама Штаттарынан Алматыға заңсыз есірткі тасығанын анықтады.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды