АҚШ Сауда министрлігінің сайты Қазақстанда «жалған ақпарат үшін» деген жазбамен бұғатталды
Уәкілетті орган бұйрығымен «Қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін» АҚШ Сауда министрлігінің Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросының сайты бұғатталды.
Сайт бірнеше күннен бері жұмыс істемей тұр.

Бұған дейін сайт АҚШ Армения, Қырғызстан, Ресей және Беларусь елдеріндегі елуден астам компанияға шектеу қойғаны туралы ақпарат жарияған болатын. Оны басқа ақпарат құралдары көшірді. Америка билігінің айтуынша, тізімге енген компаниялар Ресейдің «әскери-қорғаныс кешеніне қолдау көрсеткендер». Біраз уақыттан кейін Қазақстанға Қазынашылық хатшысының көмекшісі Элизабет Розенберг, Сауда министрінің көмекшісі Мэттью Акселрод және Ұлыбританияның санкциялар бюросының директоры Дэвид Ридтің келгені туралы ақпарат жарияланды.
25 сәуірде олар Астанада кездесу өткізді. Ұлыбритания мен АҚШ реттеушілері Қазақстанды Ресейге санкцияланған тауарларды жеткізуден сақтандырғысы келді. Әйтпесе, кейбір қазақстандық банктер мен компанияларға санкция салуға уәде берілді.
Кездесуде АҚШ шенеуніктері Қазақстаннан Ресейге тауарлардың (тұрмыстық техника мен автокөліктердің) қатарлас экспорты туралы бұрыннан білетінін ашық айтты.

Қазақстан қарудың құрамдас бөліктерін: жартылай өткізгіштер мен зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтарға арналған микросұлбаларды сатып алу бабында күдікке ілінді. Бәлкім, тосқауыл қоюға сапардың осы танымдық бөлігі себеп болған шығар деген болжам бар.
Жаңалықтар
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды