АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр

cover Фото: Шетелдік БАҚ-тардан

Америкалық саясаттанушы, профессор Джон Миршаймер қазіргі шиеленіс аясында Иранның ұстанымы мықты екенін және кез-келген шарт қоя алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.      

Оның айтуынша, Ормуз бұғазын жабу жаһандық салдарға әкелуі мүмкін: «Ормуз бұғазын жапса, олар әлемдік экономиканы құлдырата алады. Олардың ықпалы орасан зор».

«Иранның қолында барлық дерлік көзір бар. Олар өте күшті позицияда тұр», — деді ол.  

Профессор АҚШ президенті Дональд Трамптың әрекетін бағалай отырып «Трамп эскалация сатысымен жоғары көтеріле алмайды. Әрбір кезеңде Иран оның тас-талқанын шығарады», деп атап өтті.

Саясаттанушының сөзінше, Вашингтон өте күрделі жағдайға тап болған.

«Трамп тығырықта. Біз жеңіліске алып баратын картаны қолға ұстап отырмыз», — деді АҚШ профессоры.   

Сонымен қатар Нью-Йорк мэрі Мамдани да АҚШ-тың Иранмен қақтығысқа жұмсаған шығындарын сынады.

«Бізде әрқашан соғысқа ақша бар, бірақ ол кедейлерге берілмейді. Мыңдаған бейбіт халықтың өмірін қиған соғыс туралы айтып отырмын. Біз ондаған миллиард долларды адамдарды өлтіруге жұмсаймыз. Ал негізінен бұл мыңдаған жұмысшылардың өмірін жеңілдететін ақша» , — деді ол. 

Оның айтуынша АҚШ халқына айтылғандардың барлығы  шындыққа жанаспайды және бұл соғыстың құны адам өмірін үлеске салып отыр.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар