АҚШ пен Өзбекстан 35 млрд доллар болатын келісімге келді — Трамп
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі
Орталық Азия елдерінің басшылары қатысқан кездесу аяқталғаннан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Өзбекстанмен 35 миллиард доллар болатын келісім жасағаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Трамптың айтуынша, алдағы үш жылда Өзбекстан АҚШ экономикасына 35 миллиард доллар болатын инвестиция салып, өнімдер сатып алмақ.
«АҚШ пен Өзбекстан арасындағы тамаша Сауда және Экономикалық келісім туралы хабарлауға қуаныштымын. Келесі үш жылда Өзбекстан шамамен 35 миллиард доллардың көлемінде инвестиция салады. Ал алдағы он жылда бұл көрсеткіш 100 миллиард доллардан асады. Бұл қаржы АҚШ-тың стратегиялық маңызды салаларына — минералдар, авиация, автокөлік бөлшектері, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, энергетика, химия өнеркәсібі және ақпараттық технологияларға бағытталады. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевке ризалығымды білдіремін. Бұл екі ел арасындағы ұзақ әрі табысты ынтымақтастықтың бастауы болады деп сенемін», – деп мәлімдеді Трамп.
Алайда Fox Business мәліметінше, АҚШ пен Өзбекстан тарапынан мұндай келісім жөнінде ресми құжат не растау әзірге жарияланған жоқ. АҚШ-тың Сауда министрлігі, Сауда өкілі кеңсесі немесе Өзбекстанның Инвестициялар министрлігі де мәміленің егжей-тегжейін түсіндіретін қандай да бір мәлімдеме таратпаған. Трамптың жазбасы Ақ үйде Орталық Азия елдерінің, соның ішінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен өткен кездесуден кейін көп ұзамай жарияланды. Кездесуде АҚШ әкімшілігі үшін стратегиялық минералдардың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Еске сала кетейік, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Орталық Азия елдеріне сапарға шығуды, соның ішінде Қазақстанға келуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды