АҚШ пен Иран 45 күндік бітімге келуі мүмкін

cover Фото: әлеуметтік желіден

Ирандық делдалдар 45 күндік атысты тоқтату келісіміне қол жеткізу үшін соңғы әрекеттерін жасауда, деп хабарлайды Orda.kz Аxios.com сайтына сілтеме жасап. 

АҚШ, Иран және аймақтық делдалдар тобы 45 күндік ықтимал бітім шарттарын талқылап жатыр. Осыдан кейін соғыс толығымен тоқтауы да мүмкін.

Дереккөздердің мәліметінше, екі кезеңнен тұратын жоспар талқылануда. Бірінші кезеңде 45 күнге уақытша бітім орнату ұсынылады. Осы уақыт ішінде тараптар түпкілікті бейбіт келісім шарттарын мақұлдап үлгеруі тиіс. Қажет болған жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.

Екінші кезең толыққанды келісімге қол қоюды көздейді.

Бұл туралы келіссөздерден хабардар АҚШ, Израиль және аймақтағы төрт дереккөз мәлімдеді.

Сонымен қатар, алдағы 48 сағат ішінде ішінара келісімге қол жеткізу мүмкіндігі төмен. Егер келісім жасалмаса, соғыс күрт шиеленісіп, Иранның азаматтық инфрақұрылымына және Парсы шығанағы елдеріндегі энергетика мен су нысандарына ауыр соққы жасалуы мүмкін. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар