АҚШ Қытаймен мәмілеге келмекші

cover Фото: The Press Democrat

Трамп Қытаймен Америка экономикасына инвестиция салуға және АҚШ-тан тауар сатып алу бойынша келісімге келмекші, деп хабарлайды Orda.kz.

The New York TImes-тің мәліметінше, АҚШ президенті олардың экономикасына инвестиция және Қытайдың АҚШ тауарларын сатып алу жөнінде мәмілеге қызығушылық танытты. Сондай-ақ Трамп Си Цзиньпинмен келіссөзде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Президенттің кеңесшілері, оның ішінде сауда министрі Ховард Лунтик пен қаржы министрі Скот  Бессент Трамптың бұл шешімін қолдайды. Олардың ойынша президенттің бұндай шешім тиімді. Алайда Трамптың өкілдері Қытайды 2020 жылғы сауда келісімін сақтамады және Байденнің адамдары оның орындалуын қамтамасыз ете алмады деп айыптайды.

Алайда NYT сауалнамасына қатысқан сарапшылар бұл мәмілеге келуге кей факторлар қиындық туғызатынын айтты. Қазір Қытай нарықты арзан автомобильдермен, күн панелі және басқа да тауарламен толтырып тұр. Салдарынан бұл басқа елдегі зауыттардың жабылуына әкеледі. 

NYT-тің айтуынша, Трамп Қытайға қатысты нақты шешімге келген жоқ және олардыңресми кездесулері де әлі жоспарланбады. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар